Соғым уақыты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Соғым уақыты

444

Smiley face

Жақында Өскемен полициясына 35 жастағы ер адам арызданып, ет ұрланғанын хабарлады. Түнде белгісіз тұлға оның ВАЗ 2106 маркалы автокөлігін ашып,  салмағы 170 килограмм сиыр етін ұрлап кеткен. Ұрланған ет 270 мың теңгеге бағаланды.

"Өтінішті қабылдағаннан кейін құқықтық тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын бастады, ол оң нәтиже берді. Ұсталған 35 жастағы жұмыссыз ер адам өз кінәсін мойындады, бірақ еттің жартысын ғана қайтарды", - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің етті қандай ниетпен ұрлағанын анықтауда.


Көзі: yunews.kz