Қазақстанның әуе жолында 64 жаңа ұшақ пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның әуе жолында 64 жаңа ұшақ пайда болады

444

Smiley face

Азаматтық авиация саласында бесжылдық қорытындысы бойынша отандық әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 16,2 млн адамға дейін өсті, 8,1 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2014 жылға қарағанда 47 пайызға артық. Жалпы, отандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркінің өсуі мен жаңартылуы байқалады. Әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне 78 бірлік енгізілді, ал негізгі тасымалдаушылар паркін 22 ұшаққа толықтырды, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда, оған инвестициялардың жалпы көлемі 128 млрд. теңгені құрады. Петропавл, Тараз және Семей әуежайларындағы терминалдар қалпына келтірілді. Алматы, Петропавл, Тараз, Орал және Семей әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы Қостанай және Балқаш әуежайларының ұшу-қону жолақтарын қайта жаңарту аяқталуда.

Халықаралық авиақатынастар санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қазақстан 26 мемлекетпен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасын орнатқан (26 шетелдік және 3 қазақстандық әуекомпанияларымен аптасына 430 рейс).

2017 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында «ашық аспан» режимі енгізілді. 3 жыл ішінде қазақстандық және шетелдік авиатасымалдаушылар 19 жаңа бағыт ашты, оның ішінде Токио, Варшава, Будапешт, Хельсинки қалалары бар. Бұрыннан бар Лондон, Мәскеу, Пекин, Ыстамбұл маршруттарында ұшу жиілігі ұлғайды. Қазақстандық тасымалдаушылар Шанхай, Сингапур, Нью-Йорк сияқты ірі қалаларға рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Шағын әуе желілерін дамыту мақсатында 16 әуеайлақ салу жоспарлануда. Сонымен қатар, отандық тасымалдаушылар әуе кемелерінің паркін 64 бірлікке жаңартуды жоспарлап отыр. Мысалы, Air Astana (Fly Arystan қоса алғанда) 36 әуе кемесін; SCAT – 5 әуе кемесін; Qazaq Air – 3 әуе кемесін және жергілікті әуе желілері үшін 20 әуе кемесін сатып алады.


Көзі: yunews.kz