Магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 7%-ға, жолаушылар паркінің тозу деңгейі 20% - ға төмендеді - ИИДМ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 7%-ға, жолаушылар паркінің тозу деңгейі 20% - ға төмендеді - ИИДМ

444

Smiley face

Қазақстанда соңғы бес жылда 1 376 шақырым жаңа теміржол пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Жезқазған – Бейнеу желісін салу арқылы Қазақстанның шығысы мен батысын барынша қысқа қосу қамтамасыз етілді, Арқалық – Шұбаркөл учаскесі есебінен елдің орталық өңірлерінен солтүстік өңірлеріне тікелей бағыт жасалды, екінші желі салу жолымен Алматы – Шу желісінің өткізу қабілеті екі есеге ұлғайтылды және Құрық паром кешенін Боржақты – Ерсай жаңа желісі арқылы теміржол магистраліне қосу қамтамасыз етілді.

Осы жобаларды іске асыруға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 850,9 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру жылдары теміржол жылжымалы құрамын жаңарту үшін мемлекеттік қолдау шаралары әзірленді. 1 триллион 314 млрд теңге бюджеттік және жеке инвестициялар бөлінді, оларға 581 жолаушылар және 20 мың жүк вагоны, шамамен 130 бірлік тартқыш жылжымалы құрам (58 электровоз және 72 тепловоз) сатып алынды.

Магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейі 7%-ға, жолаушылар паркі–  20%-ға, жүк паркі –9%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, "Нұрлы жол" жаңа вокзал кешені мен Нұр-Сұлтан қаласындағы астаналық әуежайдың жолаушылар терминалы сияқты жобалар іске асырылды.

Бағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде 600 жолаушылар вагоны мен 144 отандық локомотивті сатып алуға шамамен 657 млрд.теңге қаражат бөлу жоспарлануда.

Бұл іс-шаралар жолаушылар паркінің тозу деңгейінің 40%-ға дейін, тартқыш жылжымалы құрамды 58%-ға дейін және магистральдық теміржол желісінің тозу деңгейінің 2020 жылға қарай 49%-ға дейін айтарлықтай төмендеуіне ықпал етеді.

Теңіз көлігі саласында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Ақтау көлік торабының өткізу қабілеті 17 млн тоннадан 27 млн тоннаға дейін жеткізілді.

Каспий теңізіндегі жүк айналымының жалпы көлемдегі үлесі 21%-дан 30%-ға дейін артты. Бұл ретте Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы құрғақ және паромдық жүктерді тасымалдау көлемі 3 есеге өсті.

Бұл салаға күрделі салымдар тарту нәтижесінде мүмкін болды. Атап айтқанда, 150 млрд теңгеден астам инвестиция салынды, оның 90 млрд теңгесі мемлекеттік қаржыландыру және 66,5 млрд теңге – жеке инвестиция.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтау портында қуаты 3 млн тонна болатын 3 құрғақ жүк терминалы және Құрық портында қуаты 6 млн тонна паром кешені салынды, сондай-ақ отандық сауда флоты жүк көтергіштігі 5 және 7 мың тоннадан болатын 4 құрғақ жүк кемесімен толықтырылды.

Су көлігін дамыту үшін 48 кеме бірлігін, оның ішінде 6 сауда флотын сатып алу және шлюздерге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.


Көзі: yunews.kz