Қазақстандық әскери қызметшілер Беларусьтегі әскери оқу-жаттығуда медальдармен марапатталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық әскери қызметшілер Беларусьтегі әскери оқу-жаттығуда медальдармен марапатталды

444

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Беларусьте ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлау күштері және құралдарымен «Іздестіру-2019» арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті. Оқу-жаттығудың шешуші эпизодынан кейін «Обуз-Лесновский» полигонында үздік қатысушыларды марапаттау және салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығудың міндеттерін орындау барысында ерекше көзге түскен әскери қызметшілер медальдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды және бағалы сыйлықтарға ие болды. Қазақстан Қарулы Күштерінің 5 әскери қызметшісі «Халықаралық ынтымақтастықты нығайтқаны үшін», 13-і грамоталар мен құнды сыйлықтарға ие болды. Одан басқа, оқу-жаттығу басшылығы барлауды басқару пунктінде жұмыс жасаған қазақстандық офицерлерді, сондай-ақ арнайы мақсаттағы топты атап өтті. Қазақстандық арнайы бөлімшелер орманды жерде жоғары кәсіпқойлықтары мен мен шебер іс-қимылдарын көрсетті.

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

«Іздестіру-2019» арнайы оқу-жаттығуы Беларусьте бірден төрт әскери полигонда өткенін айта кеткен жөн. Оған 2000 әскери қызметші қатысты. ҰҚШҰ, яғни, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан елдерінің бөлімшелері және ҰҚШҰ Біріккен штабының жедел тобы заңсыз қарулы құралымдарды жою бойынша бірлескен арнайы операцияларға дайындалу және өткізу мәселелерін пысықтады. Енді алты елдің бөлімшесі өздерінің ұдайы орналасу орындарына оралуда.

Smiley face

Фото ҚР ҚМ

Келесі жылы халықаралық оқу-жаттығу Армения аумағында өтетіні белгілі болды.


Көзі: yunews.kz