Талдықорғанда көлігімен велосипед мінген адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Талдықорғанда көлігімен велосипед мінген адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

444

Smiley face

21 қазан күні Талдықорған полициясына Қаратал өзенінің үстіндегі көпірде велосипед мінген адамды көлік қағып кеткені туралы хабар келіп түскен. Шақырту бойынша оқиға орнына барған тәртіп сақшылары кезекші бөлімге  81 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында қаза тапқанын, ал оны басып кеткен автомашина ізін суытқанын хабарлады, делінген Алматы облысының ПД мәлімдемесінде.

Криминалистер оқиға орнынан пластик бампердің қалдығын тапқан, сол арқылы автомашинаның маркасы мен түсін анықтады.

«Ол Mercedes-Benz маркалы машина болып шықты. 42 жастағы күдіктінің тұлғасы анықталды. Ол көлігін үйіндегі гаражға қалдырып, өзі Алматыға кетіп қалған. Машинаның алдыңғы жағы зақымдалған. Қазір күдікті ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді», - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдікті қарт адамды қағып кеткен кезде мас болғанын мойындады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 347-бабы («Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр», - дейді полиция қызметкерлері.


Көзі: yunews.kz