«Share» жобасы: Кембридж университетінің педагогтары елордалық мұғалімдермен тәжірибе бөлісуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Share» жобасы: Кембридж университетінің педагогтары елордалық мұғалімдермен тәжірибе бөлісуде

444

Smiley face

Фото Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің баспасөз қызметінен

Мектеп кестесін, оқытудың жаңа әдістерін, оқушыларды ынталандыру жүйесін Кембридж университетінің оқытушылары мен елордалық педагогтар талқылады. Елордада "SHARE" пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің сайты хабарлады.

Үш күндік семинар барысында шетелдік қонақтар "мектеп көрінісі", "білім берудегі көшбасшылық", "іс-әрекеттегі практиканы зерттеу" сессияларын өткізеді, оқушылармен кездесіп, білім беру жүйесінің тәжірибесімен бөліседі. Жобаға қаланың 5 мектебі қатысуда. Қала әкімі А. Көлгінов шетелдік тәжірибе алмасу – әлемдік тренд, "тек білім арқылы ғана табысқа жетуге болады" деп атап өтті.

Smiley face

Фото Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің баспасөз қызметінен

"Сіздер жаңа әдістеме арқылы білім алып, біліктіліктеріңізді арттыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Сіздің мәртебеңіз оқыту сапасына тікелей байланысты. Егер бала таңертең мектепке асық болса, аса қуанышпен сабақ оқыса - бұл сіздің жетістігіңіз. Мектеп директоры қандай импульс пен бағыт берсе, мектеп те сондай болмақ. Елордада халық санының өсуі байқалады, оның ішінде оқушылар саны өсуде. Балалардың болашағы, олардың білімі сіздерге байланысты", - деп атап өтті А. Көлгінов.

Smiley face

Фото Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің баспасөз қызметінен

А. Көлгінов тәжірибе алмасу бойынша осындай жобалар басқа мектептерде де өткізілетінін атап өтті.


Көзі: yunews.kz