Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірі ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің бірі ұсталды

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың қазан айы ортасында Сайрам ауданындық полиция бөліміне таңғы 5:45 шамасында жанармай бекеттерінің біріне шабуыл жасалғаны туралы шұғыл хабарлама келіп түскен. Түркістан облысының ПД  Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері мен Сайрам аудандық тәртіп сақшылары оқиға орнына аттанды. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде

Белгілі болғандай, жанармай бекетіне белгісіз екі тұлға баса көктеп кіріп, небәрі 40 секунд ішінде қарақшылық шабуыл әрекетін жасаған. Олардың бірінің қолында қосауыз мылтық, ал екіншісінің қолында газ баллоны болған. Осылайша күдіктілердің бірі оператордың бетіне газ баллонды шашып, күзетшіге мылтық кезеген. Екіншісі кассир қызды қорқытып, кассадағы 170 мың теңгені жымқырып кеткен. Қарақшылар бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге бой тасалап үлгерген.

Жедел іздестіру шараларының барысында Түркістан облысының ПД  Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сайрам АПБ қызметкерлерімен бірлесіп осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктінің бірін қолға түсірді.

«Қылмыс таң сәріде болғандықтан, көрген білген куәгерлер жоқ. Оған қоса күдіктілер жедел қимылдап, қылмыстарын небәрі 40 секунд ішінде істеп үлгерген. Біз олардың әрекеттерін топшылай келе, алдын ала сөз байласып, жоспар бойынша істеулері де мүмкін деп болжадық. Сондықтан бүгінгі таңда біздің жедел уәкілдер қылмыскерлерді ұстаудың түрлі жолдарын іске асыруда. Қылмысты ашу барысында үш күдіктінің де жергілікті тұрғын екені және бірінің бұрын соңды сотты болғандығын анықтадық. Іздестіру мен тергеу амалдарын одан әрі қарай жалғастыра беретін боламыз», - дейді ТО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Құрманбек Сахов.


Көзі: yunews.kz