Қазақстанда халал ет өнімінен шошқаның ДНҚ-сы табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда халал ет өнімінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

444

Smiley face

ҚР ДСМ Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (ТҚСҚБК) ресейлік және отандық өндірушілердің сиыр етінен жасалған деп көрсетілген келесі ет консервілерінен  шошқаның ДНҚ-сын тапты, деп хабарлайды ҚР ДСМ ТҚСҚБК баспасөз қызметі. Сонымен қатар, өнімнің қаптамасында құрамында шошқа етінің бар екені туралы жазылмаған.

  • «Мясофф» кесекті стерильденген консервілер (ОАО РАПП «Кавказ Мясо»)
  • «Бұқтырылған сиыр еті жоғары сұрып» (АО «Орелпродукт» Ресей)
  • «Бұқтырылған сиыр еті» (ООО «Первый Мясной Завод Алтая», Ресей)
  • Сиыр етінен жасалған ет жартылай фабрикаттар (қима, домбай) дайындаушы «Baron Food» ЖШС (Алматы облысы)
  • «ALBA Foods Company» ЖШС (Алматы қ.) «Алтан» ЖК (Астана қ.), «Мусульманский» қимасы (Калинин М.С ЖК «Максимальный размах» ЖШС тапсырысы бойынша)
  • «Данилиди Г.Н.» ЖК (Қарағанды қ.)
  • «Целых» ЖК (Петропавл қ.)
  • «Булка Н.В.» ЖК (Көкшетау қ.),
  • «BARON» сиыр етінен жасалған тұшпара
  • «BARON» мұздатылған пияз қосылған мәнті
  • «Хинкали» («BARON FOOD» ЖШС Талғар қ.)
  • «Домашние» тұшпарасы (Вихров ЖК)
  • Сиыр етінен жасалған тефтель («Шин-Лайн» ЖШС).

Комитет өндірушілер мен сатушылардың атына кәсіпорындарда технологиялық үдерістің бұзылуын жою, сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша кідіріссіз шаралар қабылдау үшін хабарлама жіберді.

Жалпы, сауда желісінің айналысынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін 12 тоннадан астам ет және құс өнімдері тәркіленді.


Көзі: yunews.kz