Қарағандының Достық үйінің қызметкерлері зағип балаларға арналған кітап жасады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандының Достық үйінің қызметкерлері зағип балаларға арналған кітап жасады

444

Smiley face

Фото Қарағанды облысының ҚХА сайтынан алынды

Қарағанды қаласы Достық үйінің қызметкерлері мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы зағип немесе көру қабілеті нашар балаларға арналған ерекше тактильді кітап шығарды. Брайль қарпімен жасалған ұлттық аспаптар туралы кітап «Жанға жақын әуендер» деп аталады. Тактильді, яғни жанасу, сезіну арқылы  оқылатын кітапты бисермен тоқу сияқты түрлі қолөнер бұйымдарын пайдалана отырып әзірлеген. Кітапты қолмен  ұстап  сезіну арқылы оқитын зағип бала  әртүрлі этностардың ұлттық аспаптарымен және оның ежелгі тарихымен таныса алады, деп хабарлайды Қарағанды облысының ҚХА баспасөз қызметі.

Smiley face

Фото Қарағанды облысының ҚХА сайтынан алынды

Достық үйінің мұражайы мен кітапхана қызметкерлері, «Қазақтану» орталығының мамандары  Данагүл Садирбаева, Мереке Алшынбаева және Жомарт Мәлік бұл кітапты Қарағандының зағиптарға арналған арнайы кітапханасының 50 жылдық мерейтойына орай «Мир на ладони» атты ең үздік тактильді кітап байқауына қатысу үшін дайындаған.   Кітап  жеңіл, берік және ең бастысы қауіпсіз, ұсақ бөлшектер өткір емес әрі ұстап көруге өте ыңғайлы. Қазақтың домбырасы болсын, корей халқының темпл-блогы немесе поляк лигавкасы болсын, яғни әрбір аспап  тегістеліп ағаштан жасалған және экологиялық таза  сырланған. Кітаптың әрбір бетінде аудио ақпарат, брайль және кириллицадағы мәлімет сипаттамасы қоса берілген. Сондай-ақ, кітаптың флэш-картасы, қуаттағышы мен дыбыс шығаратын  құрылғысы тағы бар.

Smiley face

Фото Қарағанды облысының ҚХА сайтынан алынды

«Біздің басты міндетіміз - мүмкіндігі шектеулі балаларға қызықты, қарапайым,  түсінікті де қол жетімді тілмен  қоршаған әлем, түрлі этностардың мәдениеті туралы нақты түсінік беру», - дейді Данагүл Садирбаева.


Көзі: yunews.kz