Қазақстанда 2025 жылға қарай жаңа автожолдар пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 2025 жылға қарай жаңа автожолдар пайда болады

444

Smiley face

Фото Dixinews.kz

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында автожол саласына 4 трлн теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Республикалық желі бойынша 10 мың шақырымды реконструкциямен қамту жоспарланған. Оның ішінде 3,8 мың шақырым өтпелі жол (Қарағанды – Балқаш – Қапшағай, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахань, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Меркі – Буралбайтал және т.б.), оларды 2020-2021 жылдары  аяқтау көзделген, және 6,2 мың шақырым жаңа жол (Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды, Жезқазған – Петропавл, Қарағанды-Аягөз және т. б.) бар.

Сондай-ақ тағы 11 мың шақырымға ақы төлеуді енгізу жоспарлануда, бұл 2025 жылы бүкіл республикалық желіні өзін-өзі ақтауға толық көшіруге мүмкіндік береді.

Бақылауды күшейту үшін автоматтандырылған өлшеу станцияларының 112 бірлігі орнатылады.


Көзі: yunews.kz