Әділетминімен жеке сот орындаушылардың рейтінгісі енгізілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әділетминімен жеке сот орындаушылардың рейтінгісі енгізілді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

ҚР Әділет министрлігі  Қазақстан бойынша сот орындаушылардың рейтінгісін енгізді, онымен ведомствоның ресми сайтында танысуға болады.

Бұл рейтинг өндіріп алушыларға ең тәжірибелі және білікті жеке сот орындаушыны таңдауға мүмкіндік береді.

Рейтинг қабылданып жатқан шаралардың толықтығы мен уақытылы орындалуы, орындаушылық тәртібі, жұмыс тәжірибесі, мадақтаулары мен жазаларының саны, сертификатталған көмекшілердің саны және т.б. бағалау критерийлерінен құралады.

Өндіріп алушы лайықты жеке сот орындаушысын таңдап алғаннан кейін оған арыз жазып, мәжбүрлеп орындату үшін атқарушылық құжатты көрсетуі қажет.

Атқарушылық іс-әрекеттер ұсынылған жері бойынша жүзеге асырыла отырып, атқарушылық құжат борышкер жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша не оның тұрақты тұратын жері бойынша не жұмыс орны бойынша, сондай-ақ оның мүлкінің тіркелген жері не орналасқан жері бойынша ұсынылады.


Көзі: yunews.kz