Қостанай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды

444

Smiley face
 
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы С.М. Сыздықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Қостанай ауданының Затобол кентінде жылыжай құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында (бұрын келісілгеннен - 1 млн. теңге) пара алды деген күдікке ілінген болатын.

2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.


Көзі: yunews.kz