Есік емес, тесіктен кірді... - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Есік емес, тесіктен кірді...

444

Smiley face

 

Іссапардан келген Өскемен қаласының тұрғыны үйіне кіріп, жағасын ұстады. Пәтердің қабырғасы опырылып жатыр. Белгісіз біреу пәтер иесі жоқтығын пайдаланып, көршілердің қабырғасы тарапынан қабырғаны опырып, үйге түскен.

«Белгісіз тұлға пәтерден электрлік аспап (болгарка), перфоратор және 42 өлшемді еркектердің жылы аяқ киімін (унты) алып кеткен. Шығын сомасы 70 000 теңге құрады», - деп түсіндірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 53 жастағы жұмыссыз тұрғынды ұстады. Қазір полиция оның мұндай қылмысқа неге барғанын анықтауда. Аталған факті бойынша "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz