Ақтауда бір кеште полицейлер 80 килограммнан астам бекіре балығын тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда бір кеште полицейлер 80 килограммнан астам бекіре балығын тәркіледі

444

Smiley face

Маңғыстау облысының Полиция департаментінің табиғат қорғау полициясы қызметкерлері кеше, 21 қазан күні сағат алты шамасында Ақтау қаласының 32 "в" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде жалпы салмағы 30,900 кг болатын 12 бекіре тұқымдас балықтарды тауып, тәркіледі.

"Осы кеште да осындай жағдай Ақтау қаласының 14 шағын ауданындағы автожолда орын алды. Бұл жерде автокөліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 52,600 кг бекіре тұқымдас 18 балық табылды", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz