Өскемен тұрғыны полицияға минамен келді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемен тұрғыны полицияға минамен келді

444

Smiley face

Өскеменде ерекше оқиға орын алды. Жергілікті тұрғын қалалық полиция басқармасына мина алып келді! Ер адам үйінде сақталған жарылғыш құрылғыдан құтылып, оны өз еркімен полиция басқармасына тапсыруды шешкенін айтты.

Тұрғынның бұл әрекеті бүкіл полицияны аяққа тік тұрғызды. Қауіпсіздік үшін тәртіп сақшылары полицияға жақын орналасқан көшені қоршауға алды. Басқармаға дереу саперлер тобы шақырылды.

"Снаряд оқу құралы болып шықты", - деп тыныштандырды жұртшылықты  ШҚО ПД баспасөз қызметінде, және көшедегі қозғалыс қалпына келтірілгенін толықтырды.


Көзі: yunews.kz