Қазақстандық әскерилердің командасы әлем кубогында қоян-қолтық күрестен «қоланы» иеленді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық әскерилердің командасы әлем кубогында қоян-қолтық күрестен «қоланы» иеленді

444

Smiley face
Фото ҚР ҚМ

Лейпциг қаласында қоян-қолтық күрестен әлем кубогы аяқталды. Халықаралық турнирде 26 команда және 200 астам спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қазақстандық әскери спортшылар «Өзін-өзі қорғау» бойынша айрықша көзге түсті. Бірінші турда бірінші орынға ие болғандар Бауыржан Сыздықбаев (90 келі), екінші – Әділ Қайырбаев (80 келіге дейін) және Мақсат Бекмұханбетов (80 келіден аса), үшінші орынды Серік Қайнарбаев (90 келі) және Қанат Баймұрзин (80 келіден аса).

Екінші турда үштік көсбасшылардың ішінде қазақстандық қоян-қолтық күресшілер  Жандос Асқарбекұлы (80 келі), Айбек Сәметаев (85 келі) және Жеңіс Ердаулет (90келіден аса), сонымен қатар Асхат Жылысбеков (60 келі), Нұртас Жұмағазыұлы және Ермек Керімшеев (90 келі) жеңіске жетті.

Қазақстан құрама командасы командалар арасындағы жалпы есепте үшінші орынға иеленіп, тек Ресей және Өзбекістан командаларына жол берді.


Көзі: yunews.kz