Арықтауға арналған құралдардан кадмий мен қорғасын табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арықтауға арналған құралдардан кадмий мен қорғасын табылды

444

Smiley face

Фото ҚР ДСМ ТҚСҚБК

Қазақстанда сатылатын арықтауға арналған өнімдерден кадмий мен қорғасынның артық құрамы табылды.

"Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу нәтижесінде "Билайт", "Сиқырлы бұршақтар" атты арықтауға арналған өнімдерде ауыр металдар анықталды. Атап айтқанда, "Билайт" өнімдерінде қорғасынның 3,4 мг/кг артық құрамы анықталды (норма 0,5 мг/кг), мемлекеттік тілде ақпарат жоқ", - деп хабарлады ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінде (бұдан әрі - Комитет).

Сондай-ақ, кадмийдің жоғары мөлшері "Сиқырлы бұршақтар"өнімдерінен де табылды. Мұнда артық құрам - 0,04 (норма 0,03), ал қорғасын - 2,0 (норма 0,5) құрады. Сондай-ақ орамда мемлекеттік тілде ақпарат болған жоқ.

Бұл препараттар Қытайда өндірілген.

Комитетте қорғасын уландырғыш зат болып табылатыны, оның жинақталуы ағзаның бірқатар жүйелеріне әсер ететіні туралы айтылды. Сонымен қатар, кадмиймен улану ішкі органдардың (бауыр, бүйрек және т.б.) жұмысына зақым келтіреді.

Қазіргі уақытта Комитет сауда желісін тексеру, анықталған қауіпті өнімді айналымнан алу және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдауда.


Көзі: yunews.kz