«Халал» өнімін өндірушілер қазақстандықтарды қалай алдап жүр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Халал» өнімін өндірушілер қазақстандықтарды қалай алдап жүр

444

Smiley face

Қазақстандық және ресейлік өндірістің халал өнімдерінің 160 сынамасынан шошқаның ДНҚ-сы табылды.

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 2019 жылдың 9 айында жануарлардың тіндерін сәйкестендіруді анықтау бойынша азық-түлік өнімдерінің 524 үлгісі зерттелді.

"Ет өнімдерінің топтары бойынша ет консервілері сынамаларының 64,4%-ы, шұжық өнімдерінің 17,5%-ы, қима сынамаларының 9,4%-ы және жартылай фабрикаттар сынамаларының 8,8%-да сәйкессіздік анықталды", - деп атап өтті Комитетте.

Мәселен, келесі қазақстандық өндірушілердің "Халал" белгісімен таңбаланған шұжық өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды: "Халалет" ЖШС (Алматы қ.), "Звезда Востока" ЖШС, "Сарыбас" ЖК (Тараз қ.), "Ясмин" ЖК (Нұр-Сұлтан қ.), "Иштаев" ЖК (Тараз қ.).

"Халал" таңбасы жоқ шұжық өнімдерінде: "Иштаев" ЖК (Тараз қ.), "Шаров В. Н." ЖК (Петропавл), "Шамахсутов Шониез Шамуратович" ЖК, "Қарқын-2030" ЖШС (Шымкент).

Комитетте атап өткендей, өндірушілер өнім өндіру технологиясын бұзады, соның ішінде сиыр еті мен шошқа етінен жасалған бұйымдар үшін бір желіні пайдаланады, жабдықтарды жеткіліксіз өңдейді, шикізаттың тоғыспалы ағындарына жол береді, өндірістік бақылауға тиісті көңіл бөлмейді.


Көзі: yunews.kz