Даудың басы – дуал - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Даудың басы – дуал

444

Smiley face

"Батыс 2" шағынауданының №4 Д үйінің тұрғындары қала әкімдігіне, облыстық ТЖД-ға, сондай-ақ ТКШ бөліміне осындай шағыммен арызданды. Олардың жазуынша, көршілес тұрған бес қабатты үйдің тұрғындары басқалардың пікірімен санаспай, үйлерін биік және ұзын дуалмен қоршап алған. Ал дуалда қақпа жоқ, және ол оның үстіне «көршілер секіріп түспеуі үшін» солидолмен майланған.

Шағымданушылар енді басты жолға шығу үшін олар ұзақ жүруге мәжбүр екендіктерін айтады. Олардың ауласына өту қиын. Сондықтан көршілерінің осы іс-қимылы қаншалықты заңды екенін түсіндіруді сұрайды.

Өз кезегінде, №4 Г тұрғын үйдің тұрғындары бүкіл әлемнен неге қоршалғанын айтып берді.

Олардың айтуынша, хат авторлары бірінші өздері бастаған, өткен жылы олар бірінші және төртінші кіреберістердің арасында арқан тартып қойған, бұл адамдар мен көліктің жүруіне қиындық туғызған. Сонымен қатар, 4Д үйдің өз автотұрағы бар, бірақ олар өз көліктерін  №4Г үйдің ауласында қалдырады, және де "трансформаторлық қосалқы станция мен газ тарату пункттерінің айналасына" қояды. Нәтижесінде, адамдар өз аулаларына кіре алмайды-мыс. Қорытынды дәлел ретінде "қоршаудағылар" жер №4Г үйдің кондоминиумына  бекітілгенін және үй тұрғындары ол үшін жер салығын төлейтінін алға тартты.

Әзірге хатқа қандай да бір ресми түсініктеме берілген жоқ.


Көзі: yunews.kz