Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары екені анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда ауаның ластану деңгейі жоғары екені анықталды

444

Smiley face

Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" хабарлағандай, Алматы қаласы бойынша филиалымен 2019 жылдың бірінші жартысында атмосфералық ауаға 1576 зерттеу жүргізілді. Зерттеулер нәтижесінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, азот диоксиді мөлшері рұқсат етілген концентрациядан 2,2 есе, күкірт диоксиді 1,2 және көміртек тотығы 1,4 еседен асты. Орталықтың деректері бойынша, бұл ластаушы заттар негізінен экологиялық қауіп туғызып, адам денсаулығына кері әсер етеді.

«Атмосфералық ауадағы көміртек тотығы адамға сезілмейді. Алайда, ол дене тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл кезде адамның басы ауырып, жүрегі айнып, есінен тануы мүмкін. «Азот диоксидінің ауада болуы көміртегі шығаратын газдармен әрекеттескенде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді - бұл сарғыш-қоңыр түсті газ, ол көру қабілетін нашарлатады, ауаға қоңыр рең береді, өте уытты, бронхит ауруын тудырады және ағзаның тыныс алу органдарындағы ауруларға төтеп беруін төмендетеді», - деп түсіндірді Орталықтың мамандары.

Сарапшылар қаладағы ауаның ластануының негізгі себептерін атады. Ол - автокөлік қозғалысы кезінде бөлінетін көміртек және кәсіпорындардан шығатын зиянды заттар. Мамандар көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген технологиямен жұмыс істейтінін атап өтті.


Көзі: yunews.kz