Қарағандылық прокурорлар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылық прокурорлар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді

444

Smiley face

Қарағанды облысының прокуратурасында 2018 жылы және 2019 жылдың өткен кезеңінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтармен байланысты қылмыстық істердің тергелуіне прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелеріне қатысты алқа отырысы өткізілді.

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ Қарағанды облысының еңбекті қорғау мәселелеріне жауапты өзге де мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

Қарағанды облысы халықтың едәуір бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған өнеркәсіптік аймақ болып табылатыны атап өтілді. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыс берушілер мен бақылаушы уәкілетті органдардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

Осыған қарамастан, өндірістік жарақаттанудың 405 фактісі тіркелген (2018 – 289, 2019 - 116), оның ішінде 15% немесе 58 өліммен аяқталған (2019 – 20, 2018 – 38). Сотқа тек 2% (7 іс) жолданған.

Прокурорлар салыстыру арқылы соңғы бес жылда кәсіпорындарда ауыр жарақаттардың 196 жасырылған фактілерін анықтады, оның ішінде 158 жұмыскер мүгедек болып қалған.

Өзінің нормативтік мерзімін өткен қондырғыларда жұмыс істеу жағдайлары орын алатыны нұсқалып, еңбек инспекциясы жұмысындағы жазатайым оқиғалардың себептерін, кінә (қызметкердің және жұмыс берушінің) дәрежесін дұрыс анықтамау, арнайы тергеулерді толық жүргізбеу, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алмау түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер қозғалды.

Полиция органдарының осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу сапасының төмендігіне назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерге қатысты облыс әкімінің атына мемлекеттік органдар арасында салыстырып тексеру жүргізу жолымен жұмыс берушілердің өндірістік жарақаттарды жасыру фактілерін жою, сапалы арнайы зерттеулер жүргізу және барлық жазатайым оқиғаларды тиісті есепке алу, жасырын жарақат бойынша қызметкерлердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселесін зерделеуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасалған ұсыну енгізілді.

Сонымен қатар, қадағалау органы осындай істерді тергеу бойынша әдістемелік кеңестер әзірлеп, полиция органдарына жолдады.


Көзі: yunews.kz