ІІМ басшысы Орал қаласында жүргізуші әйелден автокөлік кілтін алып қойған қызметкер жазаланғанын хабарлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ІІМ басшысы Орал қаласында жүргізуші әйелден автокөлік кілтін алып қойған қызметкер жазаланғанын хабарлады

444

Smiley face

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қоғам белсендісі Жан Ботановтан шағым түскен соң патрульдік полиция батальонының қызметкері тәртіптік жазаға тартылғанын хабарлады.

Полицейдің мінез-құлқы туралы  министрге қоғам белсендісі Жан Ботанов айтып берді. Оқиға Орал қаласында болған. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Нұрсұлтан Дүйсенов Еуразия көшесі мен Нұрсұлтан көшесінің қиылысында жүргізуші әйелден өз үйіне бара алмауы үшін көлік кілтін тартып алған.

«Жетон 034407 нөмірі бар полиция қызметкері емшектегі баласы бар әйелден оның үйіне жүруіне тыйым салуды түсіндіре отырып, көліктің кілтін алып кеткен. Полиция қызметкерінің басты міндеті - азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсету», - деп жазды Жан Ботанов ішкі істер министріне оның блогында.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев шағымды зерделеп, полиция қызметкері жазаланғанын хабарлады.


Көзі: Yunews.kz