Елордада әл-Фараби мен үш бидің құрметіне көшелер пайда болуы мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордада әл-Фараби мен үш бидің құрметіне көшелер пайда болуы мүмкін

444

Smiley face

«Нұр-Cұлтан тұрғындарынан астананың жобалық көшелеріне атақты қолбасшы Райымбек батырдың, қазақ халқының үш ұлы биі - Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің, Қазақстандық ауыр атлет, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, ауыр атлетикадан әлем мен Еуропаның бес дүркін чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімдерін беру туралы келіп түскен ұсыныстар мақұлданды. Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы 2020 жылы аталып өтіледі», деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев әкімдік отырысында.

Ол сондай-ақ қала әкімдігіне ҚР Мемлекеттік хатшысының «Қаламгерлер аллеясын» ашуға қатысты өкімі түскенін айтты. Осыған байланысты, А.Сембинов көшесінен басталатын Байқоңыр ауданы Абай даңғылының бойында орналасқан атаусыз алеяға «Қаламгерлер аллеясы» атауын беру ұсынылды.

Басқармада хабарлағандай, көшелерді қайта атау туралы барлық ұсыныстар қалалық мәслихатқа жіберілетін болады.


Көзі: Yunews.kz