«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі жаңа вагондармен толықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі жаңа вагондармен толықты

444

Smiley face

Жаңа вагондар отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында жасалған. Эконом-класты 25 вагонның бірінші партиясы «Алматы-Маңғыстау» бағыты бойынша жүруде. 54 жатын бөлмелері бар жаңа вагондардың негізгі артықшылығы ауаны зарарсыздандыру және тазалау үшін қазіргі заманғы сүзгілермен жабдықталған кондиционерлеу жүйесінің болуы болып табылады.

Сонымен қатар, вагондар бейнебақылау жүйесімен, көптеген түтін датчиктерімен заманауи өрт сөндіру жүйесімен жабдықталған. Вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайды.

Компанияның бас директоры Михаэль Кортюм атап өткендей, компания жолаушыларды жайлы тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша, әсіресе әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта компания халықпен, атап айтқанда жолаушылармен және қызмет көрсетушілермен кері байланыс бойынша жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

«Біз жыл сайын 100 жаңа вагонды сатып алуды жоспарлап отырмыз, сондай-ақ жолаушылар поездарындағы сервисті жақсарту негізгі басымдыққа ие бағытымыз болып табылады», деп атап өтті ол.


Көзі: Yunews.kz