«Барыс» төртінші овертаймнан кейін буллит бойынша минскілік «Динамоны» жеңді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Барыс» төртінші овертаймнан кейін буллит бойынша минскілік «Динамоны» жеңді

444

Smiley face

Астаналық «Барыс» Минскіде Құрлықтық хоккей лигасында жергілікті «Динамомен» кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қарсыластар табанды ойын күтті, солай да болды. Бірінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Ал екінші кезеңде Франсис гол салды. Бірақ, кезең аяқтағанға дейін Егор Петухов есепті теңестірді. Барлығы қорытынды жиырма минутта шешілуі тиіс еді. Бірақ, онда ештеңе болған жоқ және ойын қазақстандық клуб үшін қатарынан төртінші рет овертаймға өтті.

Қосымша уақытта ештеңе өзгерген жоқ, буллиттер сериясында қонақтар күшті болды. Кездесу 2:1 есебімен астаналықтардың жеңісімен аяқталды.


Көзі: Yunews.kz