Мак Грегор қазақстандық боксқа таңданып, біздің елімізге келгісі келетінін білдірді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мак Грегор қазақстандық боксқа таңданып, біздің елімізге келгісі келетінін білдірді

444

Smiley face

UFC Экс-чемпионы ирландиялық Конор Мак Грегор Киевте өткен баспасөз конференциясына қатысып, қазақстандық ММА мен бокс туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына бару мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

- Мен Қазақстаннан келген ММА сарбаздарын білмеймін. Менің білуімше, бокс Қазақстанда феноменалды және еркін күрес сияқты бай тарихы бар. Қазақстанға мені шақырған болсаңыздар, міндетті түрде барамын, - деп атап өтті Мак Грегор.

Мак Грегор соңғы рет 2018 жылдың қазан айында айқасқа шықты. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтан жеңіліп қалды, ал айқастан кейін жаппай төбелес басталды. Мак Грегор өзі ММА-дан кететінін жариялады, бірақ кейін бірнеше рет қайтып оралуға тырысты. Жалпы алғанда ирландиялық атақты спортшы 21 жекпе-жекте жеңген, төрт кездесуде жеңіліс тапқан.


Көзі: Yunews.kz