Қызылорда облысында сексеуіл тасымалдаумен айналысып келген азамат құрықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қызылорда облысында сексеуіл тасымалдаумен айналысып келген азамат құрықталды

444

Smiley face
 

Үстіміздегі жылдың 18 қазан күні «Батыс Қытай-Батыс Еуропа»  тас жолының 1820-шы шақырымында Табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері «К» есімді азаматтың басқаруындағы «DAF» маркалы, мемлекеттік белгісі KF789A (тіркемесі GG149U) жүк көлігін ұстады.

Тіркемені қарау барысында кесу және тасымалдау рұқсатынсыз, салмағы 22 тоннаны құрайтын сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуілді жасыру үшін тіркемінің ауызғы бөлігіне қораптарды жинап тастаған.

Жүргізушінің берген мәліметі бойынша, сексеуіл ағашын бұған дейін де Қызылорда қаласынан Алматы қаласына тасымалдап келген.

Сексеуілді рұқсатсыз кесуден мемлекетке 600 мың теңгеден астам шығын келді.

Аталған факт Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасының Ақпаратты есепке алу кітабіна тіркеліп, тергеу реттілігі бойынша Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жолданды.

Қазіргі таңда полиция органымен ҚР ҚК 340-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz