Петропавлдық полиция подполковнигі Ресей ІІМ байқауында жеңіске жетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Петропавлдық полиция подполковнигі Ресей ІІМ байқауында жеңіске жетті

444

Smiley face

Фото ҚР ІІМ

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Динара Сағындықова Ресей Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Щит и перо» атты журналистердің XVIII халықаралық байқауынан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейлердің, журналистер мен медиаменеджерлердің Ресей полициясының күнделікті жұмысын көрсететін шығармашылық жұмыстары, медиажобалары бағаланып, үздіктері марапатталды. Жеңімпаздардың ішінде – Леонид Каневский, Владимир Соловьев, Алексей Пиманов, Анна Шафран секілді танымал журналистер болған. Сондықтан әріптестері Динара Сағындықованың «Дорога славы» атты еңбегінің «Ынтымақтастық» аталымында жеңіске жеткеніне ерекше қуанды. Мақалада солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларының Екінші Дүниежүзілік соғыс жауынгерлерінің ерлігін қалай құрметтейтіндігі туралы айтылды.

Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев байқауға бірнеше мың авторлар, оның ішінде ТМД елдерінен қатысқанын баса атап өтті.

«Мәскеуліктердің де біздің елге деген құрметі зор. Оны мен метрода да, мейманханада да, марапаттау салтанатында да сезіндім. Бізге осындай байқауларға қатысуға, шығармашылығымызды шыңдауға мүмкіндік берген ҚР ІІМ, өзімнің СҚО Полиция департаментіне алғысым зор. Бұл – біздің ведомствоның ортақ жеңісі», - деді жеңімпаз.


Көзі: yunews.kz