Қазақстан құс тұмауынан таза болып шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан құс тұмауынан таза болып шықты

444

Smiley face
Фото ruwest.ru

Бүгін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (МЭБ) ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылған ақпарат жарияланды.

Бұл Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі.

Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары — жұмыртқа және ет өнімдері болып саналады.

Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық.

Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады.


Көзі: yunews.kz