Қазақстанда темекі бағасы өсті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда темекі бағасы өсті

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда шылым мен өзге де темекі өнімдерінің өндірісі жылына 8,8%-ға, 11,6 млрд данаға дейін төмендеді, деп хабарлайды Energyprom.kz мониторинг агенттігі.

Қазақстанда электрондық темекілердің әдеттегі темекіге теңелгені белгілі болды.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, танымал құрылғылардың зияны темекі бұйымдарынан кем емес. "Денсаулық туралы" кодекстің жаңа редакциясына да өзгерістер енгізілді. Сұйық және қыздырғыш темекіге салық салынатын болады. Акциздің бағасы 7 345 теңгені құрайды.

Қазір АҚШ-та баламалы темекіге қатаң талаптар қолданылған. Никотин гаджеттерін сатуға жаппай тыйым бірнеше күн бұрын Сан-Францискода енгізілді. Вейптарға Нью-Йоркте де тыйым салынды. Вейпинг үшін девайстар көрші Ресейде де темекі өнімдеріне теңестіріледі.

Сол уақытта темекі бағасы өсе түсуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бір қораптың құны 436 теңгені құрады — өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артық (1 қорап 391 тг)

Қостанай (461 тг), Нұр-Сұлтан (456 тг) және Ақтау (452 тг) тұрғындарына бір қорап темекі қымбатқа түседі.

Темекі  Қостанайда (жылына+18,8%), Оралда (+14,5%) және Алматыда (+14%) барынша қымбаттады.

Сондай-ақ, шылым шегу адамның денсаулығына, әсіресе тыныс алу органдарына үлкен зиян келтіретінін еске салу керек. ҚР-да тыныс алу органдарының ауруларымен сырқаттану 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 23,9 мың адамды құрады (бір жыл бұрын - 24,8 мың адам). Бұл ретте, бес жыл бұрын тыныс алу органдарының ауруы 2018 жылға қарағанда 6%-ға төмен болды.

Тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 87,1 адамды құрады (бір жыл бұрын - 92,2 адам).

Тыныс алу органдарының ауруларымен аурушаңдық 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін төмендегенін байөауға болады, ал 2016 жылы аурушаңдықтың күрт артуы байқалды - бірден 12,2%.


Көзі: yunews.kz