Көзі нашар көретін балаларға арналған шағын автобус - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көзі нашар көретін балаларға арналған шағын автобус

444

Smiley face

Фото: Семей қ. ақпараттық орталығы

Семейде көзі нашар көретін балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат бұл күндері 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай мерекелік іс-шаралар өтті. Бірінші кезекте мерейтой иелері мектеп қабырғасында қонақтарды қабылдап, оларға оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуын, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу мүмкіндігін көрсетті.

Мерейтойға мектептің бұрынғы түлектері, сондай-ақ көрнекті қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де келді.  Олардың барлығы оқу орнының оқушылары мен ұжымының қатысуымен өткен республикалық семинар-практикумға қатысты, деп хабарлады қалалық ақпараттық орталық. 

"Басшылық пен ұжымға ерен еңбегі үшін, жүректегі мейірімі, қайырымдылығы үшін, бүгінде елімізде ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет елдерде тұрып жатқан және табысты жұмыс істеп жүрген түлектердің бірнеше буынын  тәрбиелегені және оқытқаны үшін алғыс айтқым келеді",- деді Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Мерейтойдың шарықтау шегі сыйлық тапсыру болды. Айгүл Байжанова облыс басшылығы атынан мектепке шағын автобустың кілтін табыс етті. Алғыс ретінде мектеп-интернат оқушылары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.


Көзі: yunews.kz