Ә. Смайылов: Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ә. Смайылов: Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды

444

Smiley face

Мәжіліс Қазақстан Республикасының "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының жобасын мақұлдады.

Құжатқа сүйенетін болсақ, 2020 жылға арналған бюджет шығындары 3,8 трлн теңгеге ұлғайды.

Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет Басшысының Жолдауын, сондай-ақ оның жекелеген тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған.  Негізгі өзгерістер педагогтар мен мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруды қамтиды. Бұл үш жылға 1,1 трлн теңгеден астам.

2020 жылға арналған әлеуметтік блоктың шығыстары - 6 трлн теңге немесе шығыстардың жалпы көлемінен 46,4%. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш 53,8 % құрайды.

Әлеуметтік шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік қамсыздандыруға және елдің азаматтарына әлеуметтік көмек көрсетуге тиесілі. 2020 жылы бұл бағытқа 3,4 трлн теңге жоспарланған.

Денсаулық сақтау жүйесіне жұмсалатын шығыстар 2020 жылы - 1,5 трлн. теңге немесе ағымдағы жылдың деңгейіне өсумен 299 млрд. теңге. Бұл МӘМС-қа көшумен және ТМККК шеңберінде медицина қызметкерлері еңбекақысының ұлғаюымен байланысты.

"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын жүзеге асыру үшін бюджетте 2020 жылға 390 млрд теңге қарастырылған.

Экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға 2 трлн теңге салынды, бұл экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету саясатын іске асырумен, технологиялық жаңартумен, цифрландырумен байланысты. Аграрлық секторды дамыту үшін 355,2 млрд теңге қарастырылған.

"Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру үшін бюджеттен 254 млрд теңге жұмсалмақ. Көлік инфрақұрылымын дамытуға 545 млрд теңге бөлу жоспарлануда.

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті қорғауға және ішкі тұрақтылықты сақтауға, халықты қорғауды және дағдарысты жағдайларда басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге 1,5 трлн теңге салынды.

Елбасының, сондай-ақ Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыруға республикалық бюджетте 2,7 трлн теңге қарастырылған.


Көзі: yunews.kz