Алматыда ұрланған көлік айналарын сатып алушы ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда ұрланған көлік айналарын сатып алушы ұсталды

444

Smiley face

Фото Алматы қ. ПД

Соңғы бір айда Алматының Алмалы ауданының аумағында 30-дан астам ұрлық жасалған. Тәртіп сақшылары әккі ұрыны кезекті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Алматы қ. ПД баспасөз қызметі.

«Полиция бөлімшесіне Мәметова мен Чайковский көшелерінің қиылысында тұрған көліктің айнасы ұрланғаны туралы хабар келіп түсті. Тергеу тобы оқиға орнына жіберілді. Қылмыскердің қолтаңбасын ескере отырып, біз оның осы ауданға тағы да ұрлық жасауға келетінін білдік. Расында солай болды. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам қолындағы айғақ заттардан құтылуға тырысты. Ұрланған айналарды лақтырып жіберді. Алайда бұл көмектеспеді. Күдікті 1987 жылы туған. Бұрын қарақшылық жасап, бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет сотталған. Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Оның айтуынша, күдікті негізінен «Toyota Land Cruiser 200», «Lexus LX 570», «Toyota Camry 55» маркалы көліктердің бүйір айналарын ұрлауға маманданған. Ол қылмыстық жолмен тапқан тауарын «Kaр Сити» сауда үйінде жұмыс істейтін танысына сатып келген.

«Ұрланған айналарды 32 жастағы М. атты азамат сатып алып, оны басқа сатушыларға беріп отырған. Осылайша ол ұрланған айналарды қайта сату арқылы үстінен пайда көрген. Қазір оның үстінен ҚР ҚК 196-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Есен Ысқақов.


Көзі: yunews.kz