Атырауда техникалық ақау кезінде электрондық жол жүру билетінен алынған ақша жолаушыларға қайтарылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда техникалық ақау кезінде электрондық жол жүру билетінен алынған ақша жолаушыларға қайтарылады

444

Smiley face
Фото tranzit.news

Атырауда ағымдағы жылдың қазан айында ресми түрде енгізілген қоғамдық көлікте билеттеудің электрондық жүйесі осы күнге дейін ретке келтірілмей отыр. Қыркүйекте өткізілген тестілеу кезінде жол ақысын төлеу үшін карточкаларды пайдаланған жүздеген қала тұрғындарынан бір сапардың құнынан асып кететін қаржы алынғаны осы аптада анықталды. Кәсіпорын адамдардың шағымдарына өңір басшысының араласуы мен сынынан кейін ғана жауап қайтарды.

"Шынында да, 21-27 қыркүйек аралығында төлем жүйесінде техникалық іркіліс байқалып, нәтижесінде 17 мыңға жуық транзакция тегін өтті. Бірақ осы демалыс күндері біз жүйені жаңартып, көрсетілген кезеңде тегін жүрген адамдардың карталарынан ақша қаражатын автоматты режимде алдық. Сонымен қатар, "SmartQala" ЖШС басшылығы 23 қазанда барлық есептен шығарылған қаражатты жол жүру карталарының шоттарына қайтаруға шешім қабылдады. Сонымен қатар, қос төлем алынғандарға қаражат қайтарылатын болады, қазіргі уақытта бұл шамамен 5300 транзакция", - деді "SmartQala" ЖШС директорының орынбасары Қанат Нұрекенов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдық көліктерде жол жүруге арналған дифтарифтерді енгізу кезіндегі қолайсыздықтар үшін шенеуніктерді сынға алған болатын. 


Көзі: yunews.kz