Түркістан облысында полицейлер су қорғау инспекторларына оқ жаудырған ер адамды ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында полицейлер су қорғау инспекторларына оқ жаудырған ер адамды ұстады

444

Smiley face

Шамамен таңғы сағат 9-да Шардара АПБ кезекші бөліміне Сарыағаш ауданының су қорғау инспекторы болып жұмыс істейтін тұрғыны арызданған. Жәбірленуші олар Шардара су қоймасында кезекті рейд жүргізу кезінде қайықпен балық аулап жүрген үш адамды байқап қалғанын хабарлады. Су қорғау инспекторларын көрген күдіктілер жасырынуға әрекет жасайды. Бірақ 17 шақырымнан кейін олардың қайығы таяз жерге тұрып қалады. Осы кезде жағалаудан қолында аңшы мылтығы бар белгісіз адам шығып, инспекторларға қарай оқ жаудырған. Осылайша су қорықшыларын қарумен қорқытып, тіпті ұялы телефондарын тартып алған. Қару кезенген адам балықшыларды ертіп, белгісіз жаққа қашып кеткен.

«Күдіктілерді іздеу және ұстау мақсатында полиция бөлімінен арнайы топ құрылды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Шардара АПБ полиция қызметкерлері инспекторларға оқ атқан күдіктіні өз үйінен ұстады. Ол Шардара ауданының тұрғыны, браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден 16 калибрлі аңшы мылтығы мен жәбірленушілердің ұялы телефонын тәркіледі», - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында қазіргі уақытта "Браконьер" жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр, ол ағымдағы жылдың 31 қазанына дейін жалғасады. ЖАШ табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, су жануарларын аулау, ағаш кесу, объектілер мен биологиялық ресурстар өнімдерінің заңсыз айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған.


Көзі: yunews.kz