Нығматулин: «ҚазАгро табыстың орнына шығынды жинап келеді!» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нығматулин: «ҚазАгро табыстың орнына шығынды жинап келеді!»

444

Smiley face

Мәжіліс отырысының барысында Парламент спикері «ҚазАгро» Ұлттық компаниясының атына сыни пікір білдірді.

«Тек 2018 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазАгроның» жинақталған шығыны 400 млрд теңгеге жуық қаржыны құрады. Яғни, компания табыстың орнына шығынды жинап келеді. Жалпы, «ҚазАгро» қандай да бір жұмбақ құрылым іспеттес. «Бермуд үштағаны» десе де болады, ақша компанияға барғанымен, ешбір нәтижесіз жоғалып тынады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы компаниядағы жағдайды реттеу керектігін тапсырған болатын. Бұл тұрғыда саладағы мәселелерді фермерлер де көтеріп келеді. Осы жағдайды ретке келтіріңіздер», - деді Нұрлан Нығматулин.

Ұлттық компания басқармасының төрағасы Ербол Қарашөкеев «ҚазАгро» компаниясы трансформациялау сатысында екенін айтты және  ол ықшамдалған холдинг болады деп сендірді. Алдағы жылдың бірінші тоқсанына дейін жеті еншіліс компанияның үшеуі ғана қалады. 1000-ға  жуық адам қысқартылады.

«ҚазАгро» директорлар кеңесіне жоғары білікті шетелдік сарапшылар – тәуелсіз директор ретінде тартылмақ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша холдингті шығынсыз деңгейге шығаруды жоспарлап отырмыз. Және  алдағы 10-15 жылда 2019 жылға дейін қалыптасқан жинақталған шығынды жойып, өсу траекториясына шығуға ниеттіміз», - деді Е. Қарашөкеев.


Көзі: yunews.kz