Түркістанның айналасында «Жасыл белдеу» пайда болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістанның айналасында «Жасыл белдеу» пайда болады

444

Smiley face

Түркістанды аптап ыстық және қуаңшылықтан сақтау үшін облыстық билік қаланың айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыруды жоспарлап отыр. Бұл үшін 1 млн 300 мыңнан астам ағаш отырғызу және жерді суаруды жолға қою керек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.

"Түркістан облысының климаты күрделі. Биылғы жылы 45 градусқа дейін аптап ыстық болды. Сонымен қатар жел оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соқты. Суармалы судың жетіспеушілігі бар. Суармалы судың жалғыз көзі - ұзындығы 145 метр Арыс-Түркістан арнасы. Су, әдетте, жетіспейді - шілде-тамыз айларында су тапшылығы басталады. Сондықтан, Астананың тәжірибесі бойынша Түркістан маңында "жасыл белдеу" қалыптастыру  туралы шешім қабылданды.   7 700 гектар жерге осы күзде жаппай ағаш отырғызатын боламыз. 1 млн 300 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, осы белдеудің айналасында суармалы жерлер пайда болады", - деді аймақ әкімі.

Биылғы жылы Үкіметтің қолдауымен "Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары" қабылданды. Кешенді жоспар аясында аграрлық салаға, соның ішінде 11 мың га алаңда азық-түлік белдеуін қалыптастыруға және суармалы су тапшылығын жою мақсатында су нысандарын салуға баса назар аударылды.  20 жаңбырлатқыш жүйені монтаждау басталды. Шұғыла ауылынан, қаланың оңтүстік жағынан басталды. Нәтижесінде фермалар Түркістанды айнала қоршап жататын болады,бұл да Түркістандағы климатқа оң әсер етуі мүмкін.

Мысалы, агроөнеркәсіптік кешен саласында "Түркістан Агро" инвестициялық жобасын жүзеге асыру мақсатында облыста жаңбырлатқыш суару жүйесін қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және қызмет көрсету үшін машина-трактор станциясын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін АҚШ-тан 18 бірлік суару машинасы және 27 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сонымен қатар, облыс аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру аясында 1200 бас сиырға арналған сүт-тауар фермасын салу жобасы жүзеге асырылуда.

Қала шегінде билік жаппай көгалдандырумен айналысатын болады - саябақтар мен гүлзарлар пайда болады. Пайдаланылмайтын жерлерде  жасыл желектер, аллеялар орналасады. Бүгінде үш облыстың: Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарының күшімен үлкен аттракциондар паркі салынуда. Кесененің жанында тұңғыш Президент саябағы салынып, Сатырханов көшесінің бойында (5 км) екі жағынан желілік парк пайда болады.

Қала арқылы жасанды каналдары бар бірнеше серуендеу жолдары өтеді. Бұдан басқа, су асты суларының қоры зерттеліп, 200-ден астам ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр, оның ішінде 50-70 ұңғыма бұрғыланды, және жұмыс істей бастады.

"Абаттандыру қаладағы жағдайды өзгертуі мүмкін, мен бұған сенімдімін, көптеген жобалар іске асырыла бастады және 2-3 жылда қалыпты қаржыландыру болған жағдайда бұл жұмысты аяқтайтын боламыз.  Біз топыраққа зерттеу жүргіздік, ол өсімдік өсіру үшін өте қолайлы, себебі оның құрамында құм бар. Бізге қажетті жалғыз нәрсе – судың жеткілікті мөлшері", - деп толықтырды әкім.


Көзі: yunews.kz