Қазақстанда көлік айдап әкету саны бойынша қандай аймақтар көш бастап тұр - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда көлік айдап әкету саны бойынша қандай аймақтар көш бастап тұр

444

Smiley face

2019 жылдың 6 айында Қазақстанда 355 автокөлік айдап әкетілді, деп хабарлайды "Freedom Finance Insurance" СК" АҚ. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Бұл ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша.

Биылғы жылы көлік айдап әкету бойынша Алматы (132) көш бастап тұр. Оңтүстік астанада көлік айдап әкету саны 2,9%-ға қысқарды, алайда жалпы статистикада мегаполиске дәстүрлі түрде қылмыстың негізгі үлесі келеді -37,2%.

Екінші орында Қарағанды облысы (50) тұр. Қалаға айдап әкетудің 14,1% келеді. Үшінші орынды Нұр-Сұлтан (22) иеленді. Өткен жылдан бері елордада көлік айдап әкету саны 10%-ға артты. Одан әрі рейтингте Қостанай (19) және Түркістан (17) облыстары орналасты. 

Ең қауіпсіз аймақтар – Атырау (1), Батыс Қазақстан (6), Павлодар (9), Ақмола (9), Қызылорда (10) және Жамбыл (10) облыстары болып табылады.


Көзі: yunews.kz