Әскери-дипломатиялық корпусының өкілдері Ақтаудағы әскери-теңіз базасына сапармен барды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскери-дипломатиялық корпусының өкілдері Ақтаудағы әскери-теңіз базасына сапармен барды

444

Smiley face

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің әскери-саяси өлшемінде ынтымақтастықты нығайту шеңберінде ҚР КК Әскери-теңіз күштерінің әскери-теңіз базасына сапармен бару ұйымдастырылған.

Әскери нысанға сапармен баруға 13 астам АӨСШК мүше-мемлекеттерінің әскери ведомстволарынан, Қазақстан Республикасының қорғаныс және сыртқы істер министрліктерінен, АӨСШК Хатшығылынан өкілдер, Қазақстанда аккредиттелген қорғаныс мәселелері бойынша әскери атташелер, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Кеңселер бағдарламалары секілді халықаралық ұйымдар, АӨСШК бақылаушы мемлекеттері қатысты.

Smiley face

Сапар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен, АӨСШК Хатшылығынан және Түркия Республикасынан бір қатар презентациялар ұсынылды, одан кейін бөлімнің қолбасшылығымен базаның құрылу тарихы және негізгі міндеттері туралы брифинг өткізілді. Кіші кеме мамандарын дайындау бойынша оқу орталығы, мұражай және жасампаздыққа күрес оқу-жаттығу станциясына бару ұйымдастырылды.


Көзі: yunews.kz