Қазақстандық режиссердің төрт фильмі бірден халықаралық кинофестивальдерге қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық режиссердің төрт фильмі бірден халықаралық кинофестивальдерге қатысады

444

Smiley face

Кинорежиссер Әділхан Ержановтың 2011 жылы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Риэлтор" картинасы Ресей астанасында 29 қазан мен 3 қараша аралығында өтетін посткеңестік кеңістік елдерінің "Московская премьера" Халықаралық кинофестивалінің бағдарламасына енгізілді. Уақыттан тыс сапар және өз тамырын табу туралы фэнтези-дарама "Евразийское пространство. ХХI век. Полнометражные дебюты" секциясында көрсетілетін болады.

Өз үйін қорғауға тырысатын екі бауыр мен апа-сіңлілер туралы баяндайтын 2014 жылғы "Хозяева" атты сюрреалистік трагикомедия осы жылдың қараша айында Санкт-Петербург қаласында өтетін "DairaFest" халықаралық өнер фестивалі бағдарламасына шақырылды. Айтпақшы, фильм алғаш рет 67-ші Канн халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасы аясында көрсетілді, кейін ресейлік "Ника" және азиялық "Оскар" - "Asia Pacific Screen Awards" сыйлығына ұсынылды. Жалпы алғанда картина 20-дан астам фестивальге қатысты, ал 2015 жылы Бусан халықаралық кинофестивалі оны өзінің "100 үздік азиялық фильмдер" каталогына қосты.

"Ночной бог" фэнтези фильмі 30 қазан мен 10 қараша аралығында Денверде (АҚШ) өтетін Denver Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі.

Ал Ержановтың "Черный, черный человек" атты жаңа фильмі қазір Стамбулда өтіп жатқан, 25 қазанға дейін жалғасатын 7-ші Bosphorus Film Festival кинофестиваліне қатысуда. Адам төзбес жағдайларда өзгеріп, адамгершілігін жоғалтпаған  қаһарман туралы бұл триллер алғаш рет осы жылдың қыркүйегінде Сан-Себастьяндағы 67-ші кинофестивальде, ал кейінірек – Бусан мен Бергендегі (Норвегия) фестивальдарда көрсетілді.


Көзі: yunews.kz