Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігінде және техникалық паспорттарында саусақ іздері болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігінде және техникалық паспорттарында саусақ іздері болады

444

Smiley face

Қазақстандықтардың жүргізуші куәліктеріне және техникалық паспорттарына саусақ іздері енгізіледі, - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев, бұл шара құжаттардың қауіпсіздігін  қорғауды күшейтуге бағытталғанын түсіндірді. Жаңа үлгідегі чиптер енгізіліп, оған құжат иесінің биометрикалық деректері сақталады. Чип құжаттың артқы бөлігінде орналастырылады.

Көлік құжатына саусақ іздерін 2021 жылдан бастап енгізу жоспарланғандықтан, сол кезеңде құқықтар мен куәліктер жаңартыла бастайды. ІІМ-де жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді дайындау үшін анағұрлым сапалы және технологиялық өнім пайдаланылады деп сендірді.

Бұған дейін Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен техпаспорттың сыртқы түрі өзгеруі мүмкін екендігі белгілі болған еді. Құжаттардың жаңа дизайнының жобасы  мақұлдауды күтуде.


Көзі: yunews.kz