Атырауда екі жасар қызды ауыр жұқпалы аурудан құтқарып қалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда екі жасар қызды ауыр жұқпалы аурудан құтқарып қалды

444

Smiley face

7 қазан күні кішкентай қыз Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Балада әлсіздік, ісіну, зәр шығару проблемалары, аяқтың қабынуы, сондай-ақ бет аймағында ісік байқалды.

Дәрігерлер ауруды жедел анықтап, тиісті ем жүргізе бастады. Оның ішінде баланың іш қуысы инфузиясы жүргізілді. Алайда, бір апта өткеннен кейін емдеу оң нәтиже бермеді және баланы облыстық балалар ауруханасына жіберу туралы шешім қабылданды.

«2 жасар қыз үйде амбулаторлық ем қабылдады,бірақ барлығы нәтижесіз болды.  Пациенттің диагнозы - диарея, іштің жіті қысқа мерзімді ауыруы, жиі құсу, әлсіздік, бас ауруы және қызба жүреді. Бұл емдеу өте қиын ауру. Бұрын осындай диагнозы бар науқастарды Нұр-Сұлтанға жібердіп келдік. Бірақ, бұл жолы біздің дәрігерлер алғаш рет осындай емдеу жүргізді», - деді аурухананың педиатрия бөлімінің жетекшісі Гүлжан Ілиясова.

Медиктер сәбидің жағдайын тұрақтандырып қана қоймай, оны толығымен емдеуге мүмкіндік алды. Қазір науқас бала өзін жақсы сезінеді және үйге шығарылды.


Көзі: Yunews.kz