Алматыда автоледи өрт сөндіргішпен біреудің машинасын талқандаған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда автоледи өрт сөндіргішпен біреудің машинасын талқандаған

444

Smiley face

Фото «ОСА»

Алматы қаласының көшесінде тапа тал түсте кезекті дөрекілік жағдайы орын алды. Бірінші болып «ОСА» ресми тобы жариялаған бейнекөрініс әлеуметтік желілерде жағымсыз пікірлер тудырды. Кадрде ашулы қыз басқа көліктің ішінде отырған келіншекті сыртқа шығаруға тырысады. Ол шығудан бас тартады. Салонда отырып, ашулы қыздың әрекетін телефонына жазып ала бастайды.

Алдымен ашулы машинаның бүйір айналарын аяғымен теуіп, сындыруға тырысқан. Содан кейін темір өрт сөндіргішті алып, машинаның терезелерін сындырған. Нәтижесінде автокөлікке үлкен зақым келді.

Құқық қорғау органдары бейнекөріністегі жағдай бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.


Көзі: Yunews.kz