Қазақстандық режиссердің деректі фильмі Халықаралық фестивальде арнайы жүлде алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық режиссердің деректі фильмі Халықаралық фестивальде арнайы жүлде алды

444

Smiley face

Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, режиссер Владимир Тюлькиннің «13 шақырым» деректі фильмі 16-20 қазан аралығында Душанбе қаласында өткен «Дидор» деректі фильмдерінің бірінші халықаралық фестивалінде халықаралық қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болды.

Фильмде қыстаудан ауылға баратын соқыр фермердің жолын көрсеткен. Жолда ол өзінің өмірінен ең маңызды эпизодтарды еске алады, бірте-бірте өз жанының шынайы құндылықтарын табады.

«Біздің фильм өте жақсы қабылданды, көрермендер көп болды, үлкен қызығушылық болды. Көрсетілімнен кейін зал ұзақ қол шапалақтап, адамдар келіп, өз тілектерін, әсерлерімен бөлісті», деді режиссер Владимир Тюлькин.

Бұған дейін «13 шақырым» Бразилияда өткен «Overcome» халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлде, сондай-ақ Ресей деректі киносының ХХVІІІ ашық фестивалінде өміршеңдігін растайтын батыр бейнесін іске асырғаны үшін қазылар алқасының арнайы сыйлығы алған болатын. Сонымен қатар, құжаттық лента «Сильные духом» халықаралық фестивалінде (Сербия) арнайы сыйлықпен марапатталды. Картина барлығы 15 кинофестивальға қатысып, 5 жүлде алды.


Көзі: Yunews.kz