Өскемендік қаскүнемдер ресейліктердің автокөліктерінен нөмірлік белгілерді ұрлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өскемендік қаскүнемдер ресейліктердің автокөліктерінен нөмірлік белгілерді ұрлап кетті

444

Smiley face

Өскеменде полиция қызметкерлері автокөліктерден үш тіркеу нөмірлік белгілері ұрланғанын хабарлады. Бұл ретте барлық үш жағдайда Ресей Федерациясының нөмір жиынтығы ұрланған. Сонымен қатар, көлік құралдарының иелері нөмірлік белгілерді жоғалтқанда, қаскөйлерден ұрланған затты қайтарғаны үшін ақша қаражатын талап еткен хат алған.

«Полиция қызметкерлері 20 және 21 жас аралығындағы екі жігітті анықтап, оларды ұстады. Барлық ұрланған мемлекеттік нөмірлік белгілер тәркіленді», деп хабарлады Өскемен қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz