Жалған тергеушіге – нақты жаза - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жалған тергеушіге – нақты жаза

444

Smiley face

Ол ол соттың жалған қаулысы бойынша басқа біреудің миллиондарын банк шотынан шешіп алуға әрекеттенген. Ақтөбелік азамат Санат Қаймолдин осы жылдың көктемінде ақпарат құралдарынан ондаған миллиондарды қамтыған қаржы пирамидаларын құрған қылмыстық іс туралы оқып, досы Баубек Байдәулетовпен бірге оларды иелену туралы шешім қабылдайды.

Қаржы пирамидалары туралы қылмыстық іс бойынша өткен, бірақ қудалаудан бой тасалаған Жұмабаевтың банктегі есепшотында 107 млн.теңге және 40 мың АҚШ доллары қалады. Оны тергеу органдары бұғаттап тастаған.

Оларды шоттан алу үшін Қаймолдин мен Байдәулетов «Қазақстан Халық банкіне» келіп, онда соттың жалған қаулысын көрсеткен. Сонымен қатар, Санат Қаймолдин өзін Ақтөбе облысы бойынша аға тергеуші ретінде таныстырып, ақша алу керектігін айтқан.

Алайда, мамандар қырағылық танытып, оларды бас кеңсеге жібереді. Онда ер адамдар кеңседе жалған құжаттарды тастап, өздері жасырынған. Олар кейінірек анықталғандай, байланыс үшін телефон нөмірін ғана қалдырған.

Дегенмен, қаскөйлер ұсталды. Байдәулетов кінәсін мойындап, Қаймолдиннің ықпалында жүргенін атап өтті. Өз кезегінде ол алаяқтық жасаудан ерікті түрде бас тарту туралы мәлімдеген, яғни ойланған және басталған қылмысты аяқтау үшін банкке келуден бас тартқан.  Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен Қаймолдин құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Бірақ, оны күзетпен ұстау уақыты ескеріле отырып, тағайындалған жаза өтелді деп есептелді.

Сот үкімімен Байдәулетов алаяқтық жасағаны үшін кінәсіз деп танылып, оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақталды.


Көзі: Yunews.kz