Семей қаласының уақытша ұстау изоляторының бастығы қамауға алынғандарды ұрғаны үшін сотталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семей қаласының уақытша ұстау изоляторының бастығы қамауға алынғандарды ұрғаны үшін сотталды

444

Smiley face

Семей қаласының уақытша ұстау изоляторының бастығы кезекті еңбек демалысында мас күйде бола тұра жұмыс орнына баруды шешкен. Бұл жерде ол өзінің қызметтік өкілеттігінен асыра пайдаланып, 12 тергеу қамауындағыларды соққыға жыққан.

«Бастапқыда мекеме басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі жүргізді. Алайда, кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы істі қысқарту туралы заңсыз қаулының күшін жойды және тергеуді арнайы прокурорларға тапсырды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Іс арнайы прокурорларға берілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторының экс-басшысы тергеуден қашып кетпек болған. Осыған байланысты тергеу судьясы арнайы прокурордың өтініші бойынша оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Ол іздестіруде бір жылдан астам уақыт болды. Алматы қаласында ұсталды.

«Сотта ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкініш білдірді. Осы жағдайды, сондай-ақ оның жас балаларының болуын және отбасындағы жалғыз асыраушы екенін ескере отырып, Семей қаласының №2 соты оған төменгі шектен төмен жаза тағайындады, атап айтқанда 3 жыл бас бостандығынан айыру тағайындады. Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдарында 5 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан және полиция майоры арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

Арнайы прокурордың ұсынысы бойынша ШҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Басқарма бастығына қызметке толық сәйкес еместігі туралы жарияланды, деп хабарлады ведомстводан.


Көзі: Yunews.kz