Әлия Рақышева Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әлия Рақышева Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

444

Smiley face

Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Рақышева Әлия Ғалымжанқызы 1980 жылы Алматыда дүниеге келген.

2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірді.

2001-2002 жылдары – халықаралық құқық және хаттама департаментінің, халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау Департаментінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің жетекші маманы.

2002-2005 жылдары - Заңнама департаменті заң жобаларын сараптау және дайындау басқармасының бөлім бастығы, заң жобалау қызметін үйлестіру, заңнаманы жүйелеу департаментінің бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бөлім бастығы, содан кейін басқарма бастығы.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының кеңесшісі, заң бөлімінің меңгерушісі.

2007-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы әкімшілік басқармасының бастығы – аппарат басшысы.

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айында ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Орыс, ағылшын (сөздікпен) тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған  (2008).


Көзі: Yunews.kz