Таксиде жүкті әйелге босануға көмектескен интерн Денсаулық сақтау министрінен алғыс алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Таксиде жүкті әйелге босануға көмектескен интерн Денсаулық сақтау министрінен алғыс алды

444

Smiley face

Фото ҚазҰМУ

Данара Шайхина ҚазҰМУ-дың 7-курсында оқиды. Таңдаған мамандығы – хирургия. Жақында Данара Алматыдан Талдықорған қаласына барған сапарында таксиде жүкті әйелмен жолсерік болды. Аяқ астынан толғақ басталғанда студент қыз қол қусырып отырмады. Ол нәрестенің дүниеге келуіне көмектесіп, әйелді таксидің ішінде босандырып алды. Барлығы сәтті аяқталды. Нәрестенің тамыр соғысы әлсіз болғандықтан, Данара кіндікті де өзі кесті.

Жақында ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин Данара Шайхинаға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атынан алғыс хат табыс етті.


Көзі: yunews.kz