Аты әйгілі «Кировец» тракторы Қазақстанда шығарылатын болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Аты әйгілі «Кировец» тракторы Қазақстанда шығарылатын болады

444

Smiley face

Фото ҚАБҚ

Қостанайда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің қатысуымен Қазақстан-Ресей өндірістік кооперациясын дамыту саласындағы бірлескен іс-қимыл Бағдарламасы аясында жүзеге асырылған ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы алғашқы зауыт ашылды, деп хабарлады Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ).

"Кировец" тракторларының өндірісі "Петербург трактор зауыты"АҚ-мен бірлесіп Индустриялық аймақта ұйымдастырылған. Жобаны іске асыру кезең-кезеңмен өтеді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы — 2025 жылға қарай жергіліктендіруді біртіндеп 50% дейін арттырған жағдайда жылына 700 бірлік техникаға дейін жетеді. Үш кезеңде іске асырылатын жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7,3 млрд теңгені құрайды. Өндірісте 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын және іргелес салаларда 700 жұмыс орнын құру көзделген.

«Бүгін біз аты аңызға айналған «Кировец» тракторының өндірісін іске қосамыз. Жаңа зауыт Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын сапалы әрі сенімді техникамен қамтамасыз етеді. Петербург трактор зауытымен ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияны арттыру бойынша шешімдердің бірі болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы техникасының нарығын кеңейтуге, оны одан әрі экспорттауға, жергіліктендіру процестерін тереңдетуге және сервис деңгейін арттыруға мүдделі. Біз бұл жоба отандық машина жасауды дамыту стратегиясына сәйкес келеді және оған Үкімет тарапынан толық қолдау көрсетілетін болады деп есептейміз. Аталған жобаны бастау өнімділігі жоғары жаңа жұмыс орындарын құруға, ауыл шаруашылығы мен ТКШ саласына тракторларды шығаруға, жергіліктендіруді ұлғайтуға және өнеркәсіптің іргелес салаларын дамытуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-Министр Асқар Мамин.


Көзі: yunews.kz